Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның қатысуымен өткен кездесулер

14.12.2015 3328 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов соңғы 3 күнде облыс орталығында орналасқан 7 ірі мекемелерде болып, бүгінгі күн тәртібінде тұрған тақырыптар бойынша уағыз-насихаттар айтты. Әуелгі кездесуін Павлодар электролиз зауытының 200-ге жуық жұмысшы, қызметкерлерімен өткізген өкіл имам Нариман Ермекұлы Республикалық бірінші имамдар форумында бекітілген «Қазақстан Мұсылмандары Тұғырнамасы» мен «Мұсылманның тұлғалық келбеті» туралы таныстыра келе, аталмыш құжаттар жазылған кітапшалардың ондаған данасын мекеме кітапханаласына  табыс етті.

Келесіде, өкіл имаммен болған  Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждегі кездесуге мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, тәрбиешілер, мектеп психологтары шақырылды. Жиынға полиция қызметкерлері және  Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тайкебаева Жұлдыз Тұяққызы, Павлодар облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бойынша бөлімінің бас маманы Серік Кульжибаевтармен қатар 100-ден астам адам қатысты.

Ал,  «Қазақстан Теміржолы» Павлодар  АҚ-та болған кездесуге де 100-ге жуық жұмысшылар мен қызметшілер қатысып, төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы қызметкерлердің әрекет етуі және радикалдық көзқарас ұстанушылармен қарым-қатынас орнату, сақтық мәселелері, жат пиғылды ағымдардың әкелетін зардаптарын, олардың сыртқы белгілерінен емес, ішкі діни нанымынан көбірек қауіптену керектігі сөз етілді. Сонымен қатар Республикалық бірінші имамдар форумының құжаттары да кең көлемде насихатталды.

Арықарай  «Қазақстан Алюминий» АҚ  және  Қазақтелеком АҚ филиалы Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясында, сонымен қатарғы Халық банк, Каспий банк,  Павлодар-водоканал ЖШС қатарлы зауыт, өндіріс орындары, ұйым-мекемелерде өткен кездесулерде аталмыш тақырыптар ортаға салынып отырды. Бұл кездесулерге де барлығы 300-ге тарта адамдар қамтылып өкіл имамның уағыз-насихаттарын тұщына тыңдады.

Өкіл имам кездесуге қатысқан ұйым-мекемелер басшылары, жұмысшылары мен кітапханаларына  Республикалық бірінші имамдар форумында бекітілген құжаттар жинақталған кітапшаларды жүздеген данасын үлестіріп, насихаттады. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру