Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өңір имамдарына тұжырымдама түсіндірілді

11.12.2015 3216 0 пікір

ҚМДБ ның  2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Маңғыстау облыстық мешітінде өңір имамдарына түсіндіріліп, насихатталды. Өкіл имам аймақ мешіттерінің имамдарының басын қосып ҚМДБ ның діни білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытудың мақсаттары мен міндеттері болып саналатын құжаттағы маңызды бағыттарды түсіндірді. Сондай-ақ, тұжырымдаманы іске асыру жоспары құрылып, құжат аясында атқарылатын жұмыстар сараланды.

Аталмыш тұжырымдаманы түсіндіру жұмысы  облыс имамы тарапынан белсенді жүргізілуде. Алдағы уақытта бірнеше данасы кітап етіп шығарылып, әрбір мешіт имамына берілмек.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру