«Ақжол» демократиялық партиясының Маңғыстау филиалы өкілдері облыстық орталық мешітке келіп, өкіл имам С.Сейтбековті Қазақ халқының 550 жылдығының құрметіне естелік медалімен марапаттады.
Филиал басшысы Жаңбырбай Матаев өкіл имамның қызметіне , дін саласында атқарып жүрген еңбегіне алғыс білдіріп, партияның арнайы дайындатқан , «Қазақ хандығы 550 жыл» медалін тапсырды.
Медаль жанындағы қосымшада «Қазақстан тарихшылары қауымдастығы мен Ақжол демократиялық партиясының қолдауымен» делініп, қауымдастық төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің қолы қойылған.
Пария мүшелері марапатты сәттен соң, марқұм болған ата бабаларымыздың рухына Құран оқытты. Партия ұжымына ере келген жастар қанатына мешіт тарапынан Құран Кәрім сыйға берілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.12.2015
3652
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру