Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт мерекесіне орай елордалық әйелдерге арналған дөңгелек үстел өтті

11.12.2015 3433 0 пікір

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ Астана өкілдігінің тапсырмасына орай, мешіт жанындағы Ғылмани мұражай-үйінде «Сәлихалы әйел - дүние өткіншілерінің қайырлысы. Әйел бақыты» деген атпен елордалық қыз-келіншектер мен мешіт шәкірттеріне арналған дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстел барысында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандитады Айнұр Әбдірәсілқызы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Элмира Серікбайқызы, «Достық» татар мәдениет орталығының төрайымы Низамутдинова Янна қатарлы дін және мәдениет саласының білікті мамандары арнайы қатысып, тақырыптық баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел барысында Исламдағы әйел мәртебесі, қазақ тарихындағы әйел тұлғалар, бүгінгі қоғамдағы әйелдердің рөлі мен орны, т.б өзекті мәселелер жайында тұщымды ойлар ортаға салынып, салихалы пікірлер айтылды.

Мешіттің найб имамы Мусаев Мамлюк, музейдің жауапты қызметкері Бақытхан Сұлтанбай, қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсының ұстазы Әлия Қабылбекқызы және мешіт шәкірттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Кеңестік кезеңдегі қазақ даласындағы Ислам тарихы мен Сәдуақас қажының өмірінен сыр шертетін Ғылмани мұражайының экспонаттарымен танысты.

Бас имам қатысушыларды алда келе жатқан төл мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен және Мәуліт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған діни кітаптар таратты. Сонымен қатар, еліміздегі дін саласын зерттеуге өзіндік еңбек сіңіріп жүрген Айнұр Әбдірәсілқызына мешіт тарапынан арнайы сыйлық жасады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру