Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайдағы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады

11.12.2015 3155 0 пікір

Қостанай қалалық орталық мешітінде діни білімді дамыту мақсатында «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» екі айлық сауат ашу курсы салтанатты ашылды.

Жиында өкіл имам Бахытбек Тәжімбет тұжырымдаманың басты мақсаттары туралы баяндай келіп: Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!..»  деп басталады. («Алақ» сүресі, 1-аят) Ислам дінінде білім алу парыз. Білім алу тек ақыреттік біліммен ғана шектелу, бұл дұрыс емес. Біз білім іздегенде екі дүниелік білімді қатар алуға ұмтылуымыз керек. Екі білімді қатар алғанда ғана адамзаттың сауаты артатын болады. Сондықтан осы жерде біздің білікті ұстаздарымыздан алған білімді ел игілігі үшін пайдалы болуды Алла Тағала нәсіп етсін», - деп білім алушыларға сәт сапар тіледі.

Қостанай қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру