Орал Облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов құптан намазынан кейін 100-ге тарта мешіттен дәріс алып жүрген сауат ашу курсының шәкірттермен келелі кездесу өткізді.
Кездесу барысында «2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» таныстырды. Діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын әдістемелік-тұжырымдамалық құжат екенін айтты. Өкіл имам шәкірттердің жағдайын түсіне отырып, Облыстық орталық мешітінің наиб имамы, атақты Ал-Азһар университетінің түлегі Бауыржан Убалханұлымен дәріс алу жоспарларын құрды. Стратегия бойынша әртүрлі дәрістерді сатыға бөліп, шәкірттермен санаса отырып «Ақида», «Сияр» және «Фиқһ» секілді пәндерін өтетіндігін талқылады.
Кездесу соңында өкіл имам шәкірттердің сұрақтары мен ұсыныстарын барлығы жерде қалмай, қаралатынын айтты.
Орал Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.12.2015
3087
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру