Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Елбасы жолдауы - жарқын болашаққа жетелейді»

11.12.2015 3945 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында 30 қараша күні  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», - деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы қолдау мақсатында  «Елбасы жолдауы - жарқын болашаққа жетелейді» атты семинары болып өтті.

Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Іс басқарушысы Е.Орын, Мешіт істерін басқару бөлімінің меңгерушісі Ж.Бекжігітов, облыс имамы А.Керімбек, облыстық ішкі саясат және діни істер басқармасы басшысының орынбасары Аңсар Өсербаев, облыстық «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мекемесінің   директоры  Н.Тұрсынбай, «Қамар» қайырымдылық мекемесінің төрағасы А.Есей, дінтанушы, белгілі дін жанашыры Қ.Маджанов және қала, аудан имамдары мен  «Шымкент» медресесі және «Ықылас» қарилар дайындау орталығының  ұстаздар қауымы қатысып,  өз ойларын ортаға салды.

Шараны алдымен облыс имамы А.Пірәліұлы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Алдымен Астанадан арнайы іс сапармен келген  ҚМДБ-ның іс басқарушысы  Е.Орын сөз алып, Елбасының кезекті жолдауын дін өкілдері зор ықыласпен қабылдап, қолдап жатқанын айта келе,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасына сәйкес,  Астана форумында қабылданған төрт құжат пен жақында ғана қабылданған  діни білім саласын дамытуға арналған тұжырымдаманың өміршең екендігіне тоқталып өтті.

Осыдан кейін, дінтанушы Қ.Маджанов кезекті жолдаудың артықшылықтарын тізбектеп берді. Ал облыстық ІСжДІБ-ның басшысының орынбасары Аңсар Өсербаев жолдаудағы ынтымақ, бірлік және жастар мәселелеріне тоқталып сөз етті.

Жалпы, іс-шараға қатысушылар өз ризашылығын білдіріп, Елбасымызға үлкен қолдау білдірітіндерін жасырмады. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!  

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру