Бүгін Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Дін саласындағы өзекті мәселелерді жариялау жөніндегі ақпараттық жұмыстың қағидалары мен басымдықтары» атты дін саласындағы мәселелерді БАҚ-та жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өтті. Басқосуға радикалды ағымдардан зардап шеккендермен жұмыс жүргізу ұйымдары өкілдері мен журналистер қатысты.
Жиынды ашып сөз сөйлеген комитет төрағасы Ғалым Шойкин алдымен еліміздегі және әлемдегі діни ахуал жөнінде әңгімеледі. «Біздің еліміз әу бастан терроризмге төзімсіздік танытып, онымен күресте белсенділік танытып келеді. Бұған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық мінберлерде сөйлеген сөздері куә. Мәселен, Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70 жылдығына арналған сессияда осы тақырыпқа ойын ашық білдіріп, экстремизммен күресте бірігуге шақырған болатын.
Біз – зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан біз көп дінділік пен көп конфессиялыққа шектеу қоя алмаймыз. Десе де, ел тұрғындарын радикалды ағымдардан сақтандыру – біздің міндетіміз. Осы бағыттағы мақсат-мұраттарымызды өзге діндердің мүддесіне қол сұқпай жүзеге асырып, дәстүрлі дінімізді насихаттай білгеніміз жөн» деді Ғалым Нұрмағамбетұлы.
Шара барысында Дін істері комитеті мен Бас редакторлар клубы және Еуразия арнасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, қатысушы журналистерге сертификат табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2015
3290
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру