Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық имамдарға семинар өткізілуде

10.12.2015 3034 0 пікір

ҚМДБ-ның 2020 жылға дейін даму концепциясын жүзеге асыру іс-шаралары аясында Маңғыстау облыстық орталық мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар  тренинг өтуде.

Өңір имамдарының шариғи білімін көтеру мақсатында 9-14 желтоқсан аралығында өтетін семинар тренингке Діни басқарма арнайы білімді де, білікті үш имамды, яғни Еркебұлан Қарақұлов, Амантай Садиев, Данабек Жұмабеков жолдады. Облыстағы жиырма мешіттен келген имамдардың басын қосқан білім көтеру сабағында ақида, фиқһ тақырыптары түсіндірілуде. 

Жыл басынан бері имамдардың біліктілігін көтеру семинары өткізіліп келеді. Аймақтағы мешіттердің  имам, молдаларын оқыту жұмысы өкіл имам тарапынан қолға алынып, оларға дін саласымен қатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын тиімді жүргізу, уағыз айту, халықпен көркем қарым-қатынас жасау, шешендік өнер қырлары да үйретілуде.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру