Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар жылды қорытындылады

10.12.2015 3473 0 пікір

Атырау облысына қарасты қала және аудан имамдары осы жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылау жиыны өтті. Жиынды ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жүргізді. 

Өкіл имам Батыржан Мансуров ең бірінші имамдарға бір жыл ішінде атқарған жұмыстарына тоқталып, «Алла үйінде қызмет жасауды бізге нәсіп еткен Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Аллаға шүкір, бейбіт елде өмір сүріп, өзіміздің дінімізді насихаттап, елге қызмет етіп келеміз. Алла әр жасаған істеріңізге разы болып, берекесі мен қайырын берсін», - деп жасаған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Имамдар осы жылы  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырған төрт бағыт бойынша атқарған жұмыстарымен жеке-жеке таныстырды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру