Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдікке қарасты қала мен аудан имамдарының қатысуымен Елбасы жолдауына пікір алмасты.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай: «Елбасы жолдауында міндеттермен айқындалған мақсаттардың орындалуына ат салысу барлығымызыға ортақ іс. Біз бұған ат салысумыз керек. Бүгінгі жаһанды шарпыған күрделі экономикалық жағдайда рухани дағдарыстың алдын алу, Алла жолында қызмет атқарып жүрген имамдар мен дін қызметкерлерінің абыройлы парызы», - дей отырып, әр жағдайда да халықты сабырға шақыру, ұлттар арасындағы тұрақтылықты сақтау, адамдарды өзара бірлік пен татулық қағидалаларына ұйытуда әрдайым бастамашы болуды тапсырды.
Жиынға қатысушылар жолдауға байланысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге олар өңірдегі тыныштық пен бірлікті сақтауға ат салысып, Елбасы саясатын қолдап, ел игілігі үшін қызмет атқаратындықтарын білдірді.
Сондай-ақ Елбасы жолдауы кітапша ретінде дайындалып, барлық аудан мен қала мешіт жамағатына таратуға жіберілді.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2015
3468
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру