Орал қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес» күніне орай ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбындағы дөңгелек үстелі болып өтті.
Жиынға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы діни ұйымдардың рөлі» атты тақырыпта баяндама жасап, қазақ халқының бір туар данышпандарының дана сөздеріне тоқталып өтті.
Баяндамадан кейін пікір алмасып, ортақ келісімге келді. Департамент жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Ақсерік Сарыұлы журналистерді марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2015
3141
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру