Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты ата-бабаларымыздың ұстанған жолы –дәстүрлі Исламды насихаттауда ел имамдарын қанаттандырып келеді.
Институтқа еліміздің түпкір-түпкірінен оқуға келген имамдардың білімі мен біліктілігін көтерудің тиімділігін арттыру мақсатында тек қана оқу бағдарламасын меңгерумен ғана шектеліп қоймай, сондай-ақ, түрлі мәдени-елтанымдық, тарихи жайларға барып экскурсия, кездесулермен қатар көптеген іс-шаралар жүргізіледі.
Осындай іс-шаралардың қатарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасында өткен имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімін жетілдіруші имамдардың арнайы сабағы толықтырды.
«Тамыз-қазан айы» оқу легінде-ақ бастау алған бұл шара институтымыздың «қараша-желтоқсан айы» оқу легінде де жалғасын тауып, білім алушы 50 имамды Ұлттық Кітапхана ұжымы қуанышпен қарсы алды.
Дәрістің алғашқы бөлімінде кітапхана директорының бірінші орынбасары Бақытжамал Қайырбекқызы өз сөзінде: «Ұлтымыздың тереңнен бастау алатын дін мен мәдениетінің уағыздаушылары – бүгінгі Діни басқарма имамдары болса, ата-бабаларымыздан қалған құнды кітаптарды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің абыройлы парызымыз», – деп атап өтті.
Институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы кітапхана ұжымының атқарып отырған еңбектерінің халқымыздың мәдени тәрбиесінегі үлесінің зор әрі жауапты да сауапты екендігін сөз етті. Білім алып жатқан имамдар да өз тілектерін білдіріп, ақсақал батасын берді.
Сабақтың екінші бөлімінде Ұлттық Кітапхананың Көне жазбаларды сақтау орталығының меңгерушісі Айхан Құдайбергенқызы кітапхана қонақтарына сонау ХІІ ғасырдан бері сақталып келе жатқан Құран Кәрім сияқты түрлі көне жазбаларды ұсынды. Көне жазбаларды сақтаудың қыр-сырымен бөлісті.
Айта кететін бір жайт, институт ұстазы Оразымбетов Абдужамалды Ұлттық Кітапхана басшылығы ұлтымыздың мәдени мұралары болып табылатын көне жазбаларды келешек жастарға жеткізудің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында кітапханамен бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс жасап отыр.
Кездесу соңында Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы кітапхана басшылығына айырықша алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта да тарихи мәдени қайнар көзі іспеттес – Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы мен Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының өзара қарым-қатынасының күшейе түсетініне өз сенімін білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2015
3922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру