Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар пікірі қашанда маңызды

10.12.2015 3513 0 пікір

Тараз қалалық ішкі саясат білімінің қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалицясы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Жамбыл медициналық колледжінде «Орталық Азия мемлекеттеріндегі діни-саяи экстремизм мен терроризмнің кейбір мәселелері» тақырыбында конференция өтті.

Қоғамдағы түйіткілді мәселелерді ортаға салған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының президенті Серікбол Берікқожа, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек және колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.

Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарымен бөлісіп, баяндама оқыды. Сондай-ақ, конференция қонақтары алғыс хатпен марапатталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру