Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақсылық - жаныңды нұрландырады

09.12.2015 3118 0 пікір

Құран Кәрімде Алла Тағала: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі», - дейді.  («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар)

Жасаған әр қайырлы ісімізге Алла Тағаладан мыңдаған сауаптар еселеп берілетіндігіне осы аяттардың өзі дәлел. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен және жаны ізгілікті сүйетін жомарт жандардың қолдауымен мешітімізде қайырымдылық шарасы өтіп, көптеген әлауқаты төмен отбасыға азық-түліктер табыс етілді. Елуден астам отбасы азық түлікпен қамтамасыз етіліп, осы шараны ұйымдастырып отырған барша азаматтар мен  қызметкерлерге шексіз алғыстарын білдірді. 

 «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру