Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни мен Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов, Дін және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков мырзалар Бақанастағы дайындық курсына арнайы ат басын тіреді. Алматы облысы, Балқаш ауданындағы Бақанас ауылдық округінде орналасқан Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы биыл алғашқы шәкірттерді қабылдаған болатын. Соған байланысты университет басшылығы шәкірттердің білім алу барысымен танысты.
Бақанастағы Молдақасым мешітінің жанынан салынған Орталықта шәкірттердің білім алуына арнайы жабдықталған бөлмелер, бай кітапхана, жатар орны, асханасы барлығы талапқа сай. 30-ға жуық шәкіртке шақталған заманауи үлгідегі дайындық курсында қазір 24 бала білім алуда.
Таңғы сағат 6-дан түнгі 10-ға дейін арнайы жүйеге қойылған күн тәртібінде Құран тәджуиді, ақида, фиқһ, араб тілі, Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірі (сира), хадис ілімінен дәріс алады.
Ректор, профессор Жуда Басюни шәкірттермен тілдесіп, олардың Құран оқу, араб тілін қандай деңгейде меңгеріп жатқанын байқап көрді. Себебі, бұл оқу орталығын тәмамдаған шәкірттер Нұр-Мүбарак университетіне талаптанатындықтан, ол жақтағы білім бағдарламаларын жетік меңгеруге қол жеткізбек. Шәкірттердің білім алатын бөлмелері мен асхана, кітапхана, жатар орындарының жағдайымен танысқан Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы осы дайындық курсына демеушілік жасап жатқан жомарт жандарға алғыс білдірді.
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2015
3771
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру