Сондай-ақ, Дін істері комитетінің мамандары дайындаған түрлі тақырыптағы баяндамалар мен сараптамалардың семинарға қатысушылар үшін маңызды ақпарат болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, «Тыйым салынған ұйымдар қызметінің ерекшеліктері, идеологиясы, еліктіру әдістері мен жұмыс тәсілдері», «Қазақстан аумағындағы дәстүрлі емес діни бірлестіктер», «Діни білім берудің тәжірибелік мәселелері» тақырыбында жасалған баяндамалар қатысушылар үшін орны ерекше болды.
Бүгін, семинардың 2-ші күні Жоғарғы оқу орындары жанынан құрылған «Қыз Жібек» клубының таныстырылымы болып өтті. Сондай-ақ, Орта Азия мұсылман әйелдерінің ІІ форумына дайындық мәселелері талқыланды.
Семинар соңында қатысушыларға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сертификат табыстады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2015
3401
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру