ОҚО, Төлеби ауданы «НҰР» мешітінің Бас имамы С.Анарбаев Төлеби ауданына қызметке келгеніне бір жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде арнайы аудан мектептерімен тығыз байланыста болып, кездесулер өткізуде. Соның жалғасы ретінде 8 желтоқсан күні Алатау ауылдық округіне қарасты «Қайнар» жалпы орта білім беретін мектебінде болды.
Кездесуге мектеп ұстаздары, жоғарғы сынып оқушылары мен ата-аналары, ауыл ақсақалдары арнайы шақырылды. Аудандық ІІБ-нан мамандар қатысты. Кездесуде аудандық Бас имам отбасы құндылықтыры, қазіргі жастар неге мән беруі керек, жұмылы көтерген жүк жеңіл, т.б тақырыптарда кең көлемде уағыз насихат айтты.
Кездесуге қатысқан елді мекен тұрғындары шексіз разылықтарын білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай рухани кездесулер өткізілуін сұрады.
Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2015
3385
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру