Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұжырымдаманы талқылады

09.12.2015 3098 0 пікір

Орал облыстық орталық мешітінде «2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» атты облыстық семинар болып өтті.

Облысымыздың және аудандарымыздың бас имамдары жиналған семинарда алдымен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, Тұжырымдаманы талқыға салды. Сөз барасында Ғұламалар кеңесі бекіткен Тұжырымдаманың қабылдау мақсаты мен міндеті, қабылдау қажеттілігін айта келе: «Мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарын жандандыру, Шәкірттермен сауат ашу дәрісін жоспармен 3 сатыға бөліп тиянақты білім беру керектігін» - атап өтті.

Діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  діни білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын әдістемелік-тұжырымдамалық құжат екенін сөзге тиек етті. Мұндай талқылау әлі жалғасын таба беретіні сөзсіз.

БҚО облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру