ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкілдігіне қарасты аудандармен қала имамдарының, есеп беру жиналысы өтті. Жиынға Өскемен аймағы бойынша өкіл имам Ермек Мұқатай, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы А.Тұрғанбаев қала, аудан имамдары түгелдей және Өскемен қаласындағы «Алтай» қайырымдылық мекемесінің төрағасы Манап Жұлдыз, директоры Минан Өсерхандар қатысты.
Жалпы жыл бойында Өскемен аймағы бойынша аудандарда біршама игі істер атқарылған. Арнайы белгілеген бағыттар бойынша жасалған шараларға жамағат кеңінен қамтылып, өткізілген жұмыстар халықтың көңілінен шыққан. Сонымен қатар, бірнеше ауданда жаңа мешіттер ашылып, жамағаттың игілігіне берілді.
Аудан имамдары жеке-жеке өз аудандарында атқарылған шараларға жан -жақты тоқталды. Жылдық есебі бойынша сұрақтар қойылып, өкіл имам оларға алдында тұрған басты мақсаттарды атап көрсетіп, қазіргі таңда бірнеше бағыттағы негізгі міндеттерді атады. Жиында ҚМДБ белгілеген бағыттары бойынша жұмыс қарқынын арттыру, міндеттерді жүзеге асыру туралы баса айтылды.
Мұнда мешіттегі іс қағаздар үлгісін бір жолға қойып, ақпарат алмасуда барынша жедел әрекет ету қажеттігін ескертті. Теріс ағымдардың алдын алу бағытында тың шаралар қолға алу дұрыс, бұл бүгінгі таңдағы басты назардағы мақсатымыз» деп атап өтті, өкіл имам.
Сонымен қатар мұсылмандардың ардақты мерекесі Мәуліт мейрамын белгілеп өткізу туралы пікірлесті.
Жиын соңынан «Мухаммади» мешітнің Бас имамы Ибраһим қажы Қарнақбай елімізге тыныштық пен берекет тілеп, дұға жасады.
облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.12.2015
3653
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру