Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында «Ризашылық күніне» орай шаһардағы тастанды балалар тәрбиеленіп жатқан мекемеде болды. Онда қамқорлыққа алынған 27 балаға тәттілерден базарлық тарту етілді.
Мұндай шара Қостанай қаласындағы балалар психо-неврологиялық үйінде жалғасын тапты. Осынау шараға өкіл имам Бахытбек Тәжімбет пен өңірдегі «Зекет» қорының өкілі Жақсылық Ғайсин және Қостанай облысының қажылар қауымдастығының қажылары қатысып, балар үйіне музыкалық орталық, кілем және баларға тәттілерді сыйлап, мейірімге мұқтаж жандарына жарылқау бола білді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.12.2015
3326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру