Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Петропавлда облыстық «Қызылжар» мешітінің 10 жылдығы атап өтілді (ФОТО)

08.12.2015 3339 0 пікір

Петропавлда «Қызылжар» облыстық мешітінің ашылуына 10 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті.

Бұл күні облыстық мешітте солтүстікқазақстандық зиялы қауым өкілдері, қала, аудан имамдары және мешіт жамағаттары жиналды.

«Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы «Бүгін мұсылман қауымы үшін аса қуанышты күн. Осыдан 10 жыл бұрын өңіріміздің орталық мешіті ислам дінін ұстаушыларға есігін айқара ашқан болатын. Осыған орай баршаңызды Солтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің мерейтойымен құттықтаймын», - деп жиналған қауым мен қонақтарды құттықтады.

Мұсылмандарды мерейтоймен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

«Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан мешіттің ашылуының 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл жастар рухани байытылатын, игі істер жасауды үйренетін жер. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілік және молшылық тілеймін», - деп атап өтті өз сөзінде Анархан Дүйсенова.

Салтанатты шарада ғибадат ететін үйлерді салуға үлес қосқан солтүстікқазақстандықтар Алғыс хаттар мен мешіт бейнеленген естелік тиындары табысталды.

«Қызылжар» облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру