Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Риддерде жамағат қатары толығып келеді

08.12.2015 3427 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай өкілдікке қарасты аудандарды аралау сапарын көрікті Алтай төріндегі Риддер қаласында жалғастырды.

Өкіл имам Риддердегі «Дінмұхаммед Қонаев» мешітінде Бас имам М.Исмайлов және қаланың ақсақалдары мен мешіт жамағатымен кездесіп, мешіттің ахуалымен танысып, емен-жарқын пікірлесті.

Ақсақалдар сөз алып, өкіл имамның өңірдегі Алла жолындағы қызметіне сәттілік тілеп, бата беріп, дұға жасады.

Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев  пен болған қала әкімдігіндегі кездесуде өкіл имам өңірдегі діни ахуал және тұрақтылық туралы әңгіме өрбітті. Кездесуде өкіл имам қала басшылығына: «Өңірдегі жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, ислам құндылықтарын насихаттау мақсатында мешітке ұстаз жіберсек, әлеуметтік мәселесін яғни баспана мәселесін шешіп берсеңіздер», - деген ұсынысын әкімдік қолдады.

Ермек қажы Мұқатай бұдан кейін Риддер қаласындағы қазақ мектебінде, орыс тілінде білім беретін білім ордаларында болып, шәкірттерге білім мен ғылым туралы салиқалы әңгіме өрбітті.

Өкіл имамның аудандарды аралау сапары жалғасуда.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру