Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның сапары жалғасты

08.12.2015 3131 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет өңірдегі танысу сапарын одан әрі жалғастырды. Бұл жолы ол Таран, Қарабалық, Федоров аудандары мен Тобыл және Качар кенттерінде болды.

Алдымен аудандық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындарымен, мектеп директорларымен, ауыл билерімен, мешіттердің имам-молдаларымен, жастар өкілдерімен, т.б. кездесулер өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің төрт бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстары және «Дін мен дәстүр» жылының маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.

Асыл дінімізді насихаттау үшін елді аралап, тұрғындармен кездесіп, уағыз айту өкіл имамның алдыға қойған мақсатының бірі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру