«Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсында дәріс алатын шәкірттер білімін сарапқа салған «Сеніміңе берік бол!» атты білім сайысы болып өтті. Мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен тұғырлы мерекеміз – Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған бұл сайыстың басты мақсаты – жастарға дұрыс діни сенім қалыптастыру. Сондай-ақ, жастар арасында соңғы кездері сиреп кеткен кітап оқу үрдісін де сайыс арқылы жандандыра түсу көзделген.
Сайысқа діни сауат ашу курсында білім алатын 110 шәкірт қатысты. Сайысқа қатысушылардың білімі мешіт имамдары мен ұстаздарының бірлесе отырып, Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбековтің «Иман негіздері» кітабы бойынша дайындаған тест сұрақтарына берген жауаптарымен анықталды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жастардың кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатымен де ұйымдастырылып отырған сайыс қатысушыларына аталмыш кітап бір жарым ай бұрын арнайы таратылып берілген болатын.
Тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, жоғары ұпай жинаған жеті шәкірт сайыстың соңғы айналымына жолдама алады. Ақтық сайыс алдымызда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, 11-желтоқсан күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтетін болады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.12.2015
3398
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру