Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Степногорск қаласына жаңа имам тағайындалды

07.12.2015 3851 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақмола облысының Степногорск қаласындағы Паң Нұрмағамбет мешітіне Әубакіров Алмас Таймысұлы Бас имам болып тағайындалды.

Алмас Таймысұлы аталған мешітте 2008 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан жергілікті қызметкер. 2015 жылғы 27-қарашада қасиетті жұма күні ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкілі Қ.Қыдырмин жұма намазға жиналған жамағат алдында Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа имамды ресми таныстырды. Астана қаласындағы Әлжан ана мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалған Қуаныш Сәбит осы қаладағы "Мұсылмандар" мешітін 1996 жылдан бері басқарып келген болатын. Қаладағы "Мұсылмандар" мешітінің, сондай-ақ мешіт асханасының салынып, қызмет етуіне, тұрғындарды имандылыққа бет бұрып, олардың арасында ислам дінінің құндылықтарын насихаттауда Қ.Сәбит имамның атқарған еңбегі елеулі. Өкіл имам Қ.Сәбитке ризашылығын білдіріп, Діни Басқарманың алғыс хатымен марапаттап, жаңа тағайындалған имамның жұмысына сәттілік тіледі.

Қала жұршылығы Қуаныш Сәбит иманың атқарған еңбегіне ризашылығы ретінде, темір тұлпардың кілтін табыстады. 

Степногорск қаласының Паң Нұрмағамбет мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру