ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау қорынан» еліміздің мұсылмандарына 100 000 мың дана қасиетті Құран кітабі сыйға тартылған болатын.
Қасиетті Құран Кәрім кітабының 1400 данасы Жезқазған өңіріне де келіп жетті. ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Мәди Тоқпанұлы жұма намазына келген жамағатқа Құран кітапты тегін таратты.
Сонымен қатар Сатпаев қаласында және де басқа аймағымызға қарасты аудан, ауыл мешіттеріне Құран кітап таратылды. Жиналған жамағат игі іс шараға дән риза болып, алғыстарын білдірді. Аталған іс шараға БАҚ өкілдері де қатысты.
Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.12.2015
3859
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру