Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға дәріс: үш бағытқа басымдық береміз – Кенжеәлі Мырзабаев

04.12.2015 3768 0 пікір

Алматыда діни оқу орындары жетекшілерінің басқосуында имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Мырзабаев осылай мәлімдеді.

«Қазір республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жаңа бағдарламамен, жаңа оқу жүйесімен жұмыс істеп келеді. Мұнда еліміздің әр аймағынан келген, яғни діни қызметте жүрген имам-молдалар 2 айлық курстан өтеді. Оларға діни пәндерден бөлек қоғамдық пәндер, мәселен, тарих, информатика, психология, Қазақстан заңдары, т.б. сабақтар беріледі. 2 айлық курс барысында имам-молдалардың біріншіден, біліміне, екіншіде, дәріске қатысуына, үшіншіден, мінез-құлқына мән береміз», – дейді институт директоры Кенжеәлі қажы Мырзабаев.

Айта кетейік, дін қызметкерлері білім жетілдіру институтының 2 айлық курсын тәмамдаған соң арнайы куәлік алады. 

www.muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру