Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің бастамасымен қаламыздағы мешіттерде қызмет етіп жүрген әйел ұстаздарға арналған «Аудиторияда сөйлеудің психологиялық негіздері» атты тренинг-семинары болып өтті.
Семинарда Нұр-Мүбарак университеті дінтану факультетінің магистранты Айдарова Мақсат «Дағуаттың әдіс-тәсілдер» атты тақырыпта сөз қозғады. Жиынға арнайы шақыртылған қонақ, психолог, PhD доктор Әлия Амангелдіқызы «Аудиторияда ұстаздың өз-өзін ұстауы, әдебі, сөйлеу мәдениеті» туралы кеңінен тоқталып, пайдалы мағлұматтармен бөлісті.
Семинар барысында ұстаздар бір-біріне сұрақтар қою арқылы тәжірибе алмасып, ұйымдастырушыларға дән риза болды.
Шара соңында өкіл имам қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мешітке келуші қыз-келіншектер жат ағым жетегінде кетпес үшін олармен тығыз байланыста болып, әр бір шәкіртпен жеке-жеке сөйлесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беру қажет екендігін айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.12.2015
4242
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру