Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жолдау имамдар тарапынан қолдау тапты

04.12.2015 3799 0 пікір

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», - деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы Қостанайдағы дін қайраткерлері тарапынан да үлкен қолдау тапты.

Осынау маңызды құжат халыққа жарияланғаннан кейін ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбеттің төрағалық етуімен облыстық Марал ишан мешітінде және өңірдегі барлық аудандар мен қалалардың Бас имамдардың қатысуымен жиын болып өтті.

Онда аталған Жолдаудың еліміз үшін аса маңыздылығы жан-жақты айтылды. Имамдар оның өзіндік ерекшелігіне тоқталды.

Осындай кездесулер өңіріміздің Торғай өңірі бойынша имамдары және дін қызметкерлерінің қатысумен Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде және де Қамысты, Денисов аудан имамдарының қатысуымен Жітіқара қаласында ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру