Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әріптесіміз Бурсада білімін шыңдап қайтты

04.12.2015 3623 0 пікір

Жуырда Түркия Республикасы Бурса қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру орталығында білім алған Қазақстан имамдары елге оралған болатын.

Екі елдің діни басқарамасының бастамасымен Түркия еліне ілім алуға кеткен 26 имамның ішінде біздің "Иманғали" орталық мешітінің найб имамы Мұрат Ғазизов та бар еді. Екі ай бойы діни ілімді бойына сіңіре білген әріптесіміз Мұрат Ғазизовты "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған мешіт қызметкерлері қарсы алды.

Тәлімі терең профессорлар мен озық ойлы оқытушылардан білім алған әріптесіміз еліміздің имамдарына шет елде білім алуға зор мүмкіндік берген ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына шексіз алғысын білдірді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру