Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді

04.12.2015 3798 0 пікір

ҚМДБ-ның өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Бас имамы Ермек қажы Мұқатай Шығыс Қазақстан облыстық Ақпарат орталығында журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиынға облыс орталығында хабар тарататын телеарна тілшілері мен газеттердің журналистері қатысты.

Ермек Мұқатай: «Біздің алдымызда Елбасымыздың «Қазақстан 2050 стратегиясына үн қосу, Елбасы жолдауының басым бағыттары, ұлтаралық бірлік пен діндер арасындағы тұрақтылықты сақтау, исламның дәстүрлі құндылықтарын насихаттаумен  бірге ҚМДБ – ның арнаулы төрт бағытын, міндеттері мен шешімдерін өңірде жүзеге асыру мақсаты тұр. Біз асыл дініміздің мерейін асыру бағытында тың бастамалармен жұмыстайтын боламыз», - дей келе өзінің бастамаларымен бөлісті.

Мұнда ол өңірдегі имамдардың жетіспеушілігін шешу мақсатынында еліміздің діни жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан шығысқазақстандық студенттердің  оқу орнын бітісімен өз өлкесіне келіп жұмыс жасауға шақыратын «Диполммен ауылға» жобасы туралы айтты.

Сонымен қатар, мешіттерді құжаттандыру, имамдарды әлеуметтік қолдауды жүйелендіру бағытындағы шараларды жүзеге асыруға ат салысатындығын білдіре келе, имамдардың біліктілігін арттыруда  игі шаралар атқарылатындығын жеткізді.

Журналистердің қойған сауалдарына жауап берілді. Өкіл имам Семейден шығатын «Ислам нұры» газеті мен жергілікті телеарнаға орыс тілінде сұхбат берді. 

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру