ҚМДБ тарапынан мүлікті жария ету науқаны жүргізілетіні айтылып, мешіт құжаттарын рәсімдеу тапсырмалары жүктелген болатын. Осыған орай, науқан барысындағы атқарылған шаруамен танысу және мешіт құжаттарын реттеу жұмыстарын қадағалау мақсатында ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын мен Мешіт істерін басқару бөлімінің меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов Жамбыл облысына ат басын тіреді.
ҚМДБ-дан арнайы іс-сапармен келген Ербосын Орын және Жанділдә Бекжігітов Жамбыл облысының қала-аудан имамдарымен жүздесті. Құжаттарға қатысты дәріс оқып, түсініктеме берді.
«Елбасы айтқандай үй ішіне үй тікпей дін құжаттары сараптамадан өтіп, ҚМДБ-ның қарамағында тіркеуде болуы қажет», – дейді, Ербосын Орын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2015
3578
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру