Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар шаттыққа бөленді

03.12.2015 3312 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты, Алматы қаласы, Алатау ауданы «Алғабас» мешітінің ұжымы «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталталығындағы науқастанып жатқан бүлдіршіндермен кездесті.

Шынында бала – жүректің жемісі, жаннаттың райхан гүлі. Жастайынан дертке душар болған балаларды Бас имам Сәкен Амангелдіұлы бастаған мешіт ұжымы Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, балаларға силық жасап мәз-майрам етті. Мекеме басшылығы ұйымдастырушылара дән риза болып өз алғыстарын айтты.

«Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әлидің (р.а.) ұлы Хасанды (р.а.) бетінен сүйді. Мұны жанында отырған Әл-Ақраъ ибн Хабис Әт-Тамими (р.а.) көріп: «Менің он балам бар. Алайда осы уақытқа дейін мен оның біреуін де еркелетіп сүйген емеспін», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған қарап: «Басқаларға мейірімділік етпегеннің өзі де мейірімділікке бөленбейді», – деді.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру