Алматы қаласы Бостандық ауданына, яғни "Орбита" мешітіне жуырда Бас имам қызметіне тағайындалған Әсет Аташев ауданға қарасты мешіттерді аралап, дін қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
"Дінге қызмет - баршамызға абыройлы міндет. Діни басқарма тарапынан келген нұсқаулық жұмыстар мен іс-шараларды қалтқысыз орындауымыз қажет. Мешітке келген әрбір азаматқа жоғары деңгейде көңіл бөлініп, әдеппен сұрақтарына жауап берілсін", - деді Бас имам Ә.Аташев.
Мешіттерді аралау барысында, сонымен қатар дәретхана тазалығы, кезекшілердің жұмыс тәртібі, Құран оқитын бөлмелердің жұмыс кестесіне сай қызмет етуі, т.б. мәселелерге көңіл бөлінді.
"Орбита" мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2015
3865
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру