Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кеше кім болдық? Бүгін кімбіз?

03.12.2015 3833 0 пікір

Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президентінің күніне орай Нұр-Мүбарак университетінің  Дін және тәрбие бөлімінің «Инабат» қыздар клубы «Кеше кім болдық? Бүгін кімбіз?» атты  дөңгелек стөл өткізді. Оған  2-3 курс исламтану, дінтану,  шет тілі мамандықтарында білім алатын қыздар қатысып, өзара пікір алмасты.  

Үшінші курс студенті Жазира  Ботақараева  « Қазақстандағы демография  мәселесін» жан-жақты талқыласа, осы курстағы  Фатима  Мусахан «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ тілінің қолданыс аясына» жан-жақты дайындалып, мәліметтерді алға тартты.  Ал Қаракөз  Мешітбай  болса, қазіргі қоғам үшін аса өзекті  «Қазақтың ежелгі және Тәуелсіздіктен кейінгі  орамал түсінігі» туралы тақырыпты талқыға салды.

 Ал екінші курста білім алушылар:  Салтанат  Бауыржанқызы «Қазақ халқының айтыс өнері»,  Разия  Ахметова  «Қазақ  салт-дәстүрінің  бүгінгі  таңда қолданыстағы  орны»,  Айжан  Мырзатай «Тәуелсіздікке  дейін  және  тәуелсіздіктен кейін  қазақ  неден айрылды,  неге қол жеткізді?»,-деген сауалдарға өздері жауап  іздеп, нәтижелерін топқа салды. Бұл тақырыптарды қыздар мақала, бейнеслайд түрінде көрсетіп, өз ойларын нақты  жеткізе  білді.

Ал ұйымдастырушы тарап бүгінгі қоғам үшін өзекті де маңызды тақырыпты барынша зерттеп,  тиянақты  талқылаған белсенділерге  Мақтау қағаздарын табыс етіп,  сыйлық  ретінде  театрға билет тапсырылды.

«Тұңғыш Президент күніне»  орай өткізілген бұл басқосу қыздардың дүниетанымын кеңейтіп, білімін арттыра түскені даусыз. 

Нұр-Мүбарак университетіyнің баспасөз бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру