Облыстық Қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Кәрімұлы, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, қоғамдық ұйымдар мен басқарма басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
БҚО әкімдігінің қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҚР Президенті күніне арналған «Н.Назарбаев-жарқын болашақты болжаған кемел еңбек» тақырыбында конференциясымен жалғасын тапса, «Ел тірегі- Елбасы» мерекелік концертінде балғын сәбилердің тәтті тілдерінен «Нұр атасына арнау» айтса, облыстың өнер жұлдыздары әсем әнмен жиылған қауымға көтеріңкі көңіл -күй сыйлады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2015
3549
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру