Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы рухани білім ордасы «Әбу-Ханифа» медресесінің шәкірттерімен кездесті.
Басқосу барысында Ел Президентінің 30-қараша күнгі Қазақстан халқына жолдауы шәкірттерге таныстырылды.
Қазақстанның жас азаматтары!
«Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда».
Жетісу ауданының Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлы шәкірттерге насихат айтып, білім алушының дәрежесі қашанда жоғары болатындығын жеткізді. ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің Алматы қаласы бойынша өкілі Есім Ержанның ұйымдастыруымен «Жастар ел болашағы» атты басқосуда шәкірттер келген қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, емін еркін сұхбаттасты.
Шара соңында өкіл имам шәкірттерді оқуда озат болуға шақырып, дұға жасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2015
3700
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру