Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұңғыш Президент күніне арналған шара өтті

02.12.2015 3765 0 пікір

Өскемендегі «Жекпе-жек» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналға мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Д.Ахметов, қала әкімі, қоғамдық ұйымдар мен басқарма басшылары және ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, діни брілестікердің жетекшілерімен қатар ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек Мұқатай да қатысып, құрметті қонақтар қатарынан орын алды.

Салтанатты жиында өңір басшысы еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы етіп, биік белестерге шығарған Елбасының ерен еңбегін атап өтіп, айтулы мерекемен облыс жұртшылығын құттықтады. Іс-шарада патриоттық рухтағы әндер шалқып, ел дамуының көріністерін бейнелеген қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Мереке татулық пен тұрақтылық мейрамы ретінде аталып өтілді. 

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру