Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық мешітінің Бас имамы Айдос Муталиевтің ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық мешітінің жамағаты облыстық қарттар және мүгедектер үйіне зиярат етіп қайтты.
Төсек тартып жатқан қарттардың көңіл күйін сұраған олар қамкөңіл қарияларға арнап дастархан жайды. Мешіт жамағатын сауапты іске ұйытып, өз уағызында үлкендерді сыйлау туралы әңгімелеген А.Муталиев қариялар бар жерде береке бар болатынын, оларды құрметтеп, алғысын арқалау – жас буынның міндеті екендігін айтып өтті.
Дастархан отырысынан соң зияратшы жамағат ауырып жатқан қарттардың бөлмесіне кіріп, олардың денсаулықтарын сұрап, амандық тіледі. А.Муталиевтің айтуынша, жыл басынан бері Мұнайлы аудандық мешітінің жамағатымен бірлесіп, қарттар үйіне жиі зиярат жасалып тұрады. Тіпті имамдарды іздеп, телефон шалып, олардың келуін күтетін қариялар да бар екен.
«Үлкен кісілер жастары ұлғайған сайын өзіне көңіл аударғанды, шер тарқатып, шүйіркелескенді ұнатады. Біз әр барған сапарымызда олардың мұңдарын тыңдап, әңгімелесіп, имандылық туралы уағыз айтамыз. Өздеріне арнайы келгенге олар балаша мәз болады, жандары жадырап, біздермен қимай қоштасады», - дейді, Мұнайлы аудандық мешітінің бас имамы А Муталиев.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2015
3640
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру