Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аудан имамдары жылды қортындылап, есеп берді

02.12.2015 3788 0 пікір

Ақтөбе облысы бойынша биылғы жылда атқарылған жұмыстар қортындыланып, аудан имамдары есеп берді.

Аудан имамдарымен жеке-жеке танысқан ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің Бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Асанов алдымен Елбасымыздың биылғы жылдың кезекті жолдауын телеарнадан аудан имамдарымен бірге тамашалады.

Нұрлан Байжігітұлы тиянақты әрі өз уақытында аяқталып, нәтижелі жұмыс жасаған аудан имамдарының жұмыстарына оң баға беріп, кемшілік тұстары бар кейбір аудандарға ескертулер жасады.

Жыл басынан бері тынымсыз жұмыстар атқарып, өзге аудандарға үлгі боларлық шаралар жүргізген Хромтау, Шалқар, Алға аудандарына өте жақсы деген жақсы баға беріп, ерекше атап өтті.

Үстіміздегі жылдың қортындысы бойынша 733 рет уағыз-насихат жұмыстары, 344 дәріс сабақтары, 17 семинар, 11 дөңгелек үстел, «Skype»  желісі арқылы – 16 білім жетілдіру сабақтары өтіп, жалпы саны 49554-ке жуық адам қамтылды.

Уағыз-насихат бойынша 253 кездесу жүргізіліп, оған 18334 жастарымыз жұмылдырылды. Оның ішінде 17 спорттық шара, 227 діни шара, жастар арасында 4 ер адамдар мен әйел кісілер арасында Құран жарысы мен 1 білімділер сайысы өтілсе, 5 көгалдандыру жұмысы жүргізілді.

«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» жүйелі түрде қалалық мектеп оқушылары мен университет, колледж студенттеріне және де аудан, ауыл жастарына таныстырылып, 3500 данасы таратылды.

Жастар арасында қайырымдылық жұмыстары атқарылып, жергілікті жастардың көмегімен 4 қайырымдылық турнирлері мен 5 рет қайырымдылық жәрмеңкесі, 22 мәрте жастармен ашық кездесулер өткізілді.

«Зекет» қорының ұйымдастыруымен жыл басынан 23 рет қайырымдылық іс-шаралары атқарылса, аудан, ауыл көлемінде 1574 рет қайырымдылық көрсетіліп, 8390 отбасы қамтылды.

Сондай-ақ, жалпы саны 1269 кездесу өткізіліп, оған 45 229 тыңдаушылар қамтылды.

Жат ағыммен күресу жұмыстарының қорытындысы бойынша 269 кездесу өтіп, 6712 тұрғындар мен мешіт жамағатына насихат айтылды. 557 жеке кездесу болып, облыс бойынша 82 адам дәстүрлі дінімізге қайтып, Ханафи мәзһабын қабылдады.

Рамазан айында 47 қайырымдылық іс-шаралары өтіп, 5856 аз қамтылған отбасы қамтылса, «Құрбан айт – құтты мереке» акциясы аясында 1364 бас мал еті, 2534 отбасына, жұмыспен қамту орталығына және мүгедектер қоғамына таратылды.

Сонымен қатар, өзге түрлі мерекелер мен іс-шаралар өз кезегінде жүзеге асырылып, біршама нәтижелі іске қол жетті.

Жиналыс қорытындысы бойынша, өкіл имам Нұрлан Асанов жұмыс жасау қарқыны баяу аудандарға нақты жұмысқа көшуге қатаң ескерту беріп, аудан бойынша діни ахуалдың тұрақты әрі өркендеуі үшін аянбай еңбек етуді тапсырды. Ал, озық аудан имамдарына одан әрі істеріне табыс тілеп, берекелі қызмет атқаруларына тілектестік білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру