Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде апталық мәжіліс өтті. Оған «Халифа Алтай» мешітінің имамдары және «Өскемен» орталық мешіті мен «Мухаммади», «Защита» мешіттерінің Бас имамдары, Өскемендегі «Алтай» қайырымдылық мекемесінің директоры қатысты.
Жиында ҚМДБ-ның өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай өткен аптада атқарылған шаруаларды қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.
Ол алдағы уақытта «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» таныстырып, оны насихаттау бағытында бірнеше іс шаралар жоспарлау қажеттігін атады.
Сондай-ақ жылдық есепті тапсыру ісіне тоқталды. «Алда мәуліт мерекесі тұр, оны біз Өскемен аймағында айрықша салтанатпен атап өтуіміз керек»,- дей келе, соған байланысты іс-шараның жоспарын айқындап, Мәуліт мерекесін белгілеп өткізу жөніндегі комиссия құрды.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2015
3776
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру