ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі өкілдігінің ұйымдастыруымен белсенді жастар бас қосып, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасында кездесу өтті.
Қаламыздың қоғамға өз біліктілігімен үлес қосып, еліміздің мәртебесін өсіру жолында ерінбей еңбек етуді мақсат еткен жастарымыз кездесуде өздерінің болашақ жоспарларымен бөлісе отырып, пікір алмасты.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі болса да, қоғамнан тыс қалмай, барлық қажырын түрлі шараларға атсалуға жұмсап жүрген Әлібек Елеусіз ағамыз да осы кеште арнайы қонақ болды.
Жастардың тез шешім қабылдап, болашаққа деген сенімдерін одан әрі арттыру мақсатында психологиялық ойындар ойнатылып, ой сергіту сұрақтары қойылды.
Тәуелсіз еліміздің берік мтұтқасы жарқын жастардың қолында екендігі турасында «Жастар – ел болашағы» тақырыбында мағыналы әңгімелер қозғалып, кездесуге келген әрбір жас «Мен еліме не бере аламын?» деген сауалға жауап беріп, барша күш-жігерлерін ел мен жердің абыройы үшін жұмсайтындарын жеткізді.
Ақтөбе облыстық ортаылқ «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2015
3559
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру