«Қазақтың этнографиясы – ұлттық дәстүрдің негізі» атты этнографтармен кездесу және талдау жарысы студенттердің ұлттық салт-дәстүрімізге деген құрметін арттыра түскендей. Бұл әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы бастамасымен де үндестік табуда. Нұр-Мүбарак студенттерінің бойында халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен жаңғырту; студенттерді ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу мәселелері, салт-дәстүр, мәдениетке ықыласты күшейту мақсатында мәйекті мерекені Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының ұстаздары: т.ғ.к, доценттер Тұрлығазы Медеуов, Эльмира Қырықбаева және Г.А. Мейрманова ұйымдастырған еді.
Ұлттық құндылығымызды ұлықтаған шараны университет проректоры, доктор, профессор Шамшадин Керім мырза ашып беріп, Орталық мұражайдан келген қонақтарға құрмет білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.
ҚР Орталық мемлекеттік музейі, анпропология және этнология бөлімінің қызметкері Досымбек Қатран қатысуында «Қазақ этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрі жүйесі» атты 5 томдық энциклопедияға талдау жасалды. Болашақ дін мамандары да өз түсініктерін ортаға салып, 12 студент баяндама жасады. «Қазақ үйінің – құрылымы, орналасуы, тәртібі атаулары», «Қазақ батырларының қарулары мен жауынгерлік киімдері», «Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері және атаулары», халқымыздың ұлттық тағамдары , сүт өнімдерінің түрлері мен жасалу жолдары, қазақтың байырғы салт-дәстүрлері (XVI ғ.ғ. – 1917 ғ. дейін), аңшылық пен құсбегілік, қол-өнер кәсібі (XVII – XIXғғ), қонақ күту салттары, ұлттық ойындары, бата беру дәстүрлері жан-жақты талқыланды. Студенттер оқыған баяндамасына сай арнайы бейнеролик, слайдтың көрсетілімдер де әзірлеген. Сайыс соңында баяндамаларға баға беріліп, тілектер мен ұсыныстар айтылды. Белсенді студенттер мадақтау алғыс хаттармен марапатталды.
Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.12.2015
3292
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру