Қостанай қаласы Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы Жастар ісі бөлімі дөңгелек үстел өткізді.
Жиында «Жастар - ел болашағы» деп аталатын тақырып өзек болды. Бұл жүздесуді өткізудегі негізгі мақсат - жастарды өз елінің нағыз патриоттары етіп тәрбиелеу.
Аталған басқосуға ҚМДБ-ның өңірдегі жастар ісі бөлімінің өкілі Ғұмар Жұмағұлов, облыстық Марал ишан мешітінің найб имамы Бақытжан Икрам, облыстық дін істері жөніндегі және ішкі саясат басқармаларының қызметкерлері Сапарғали Әбдиев, Айшагүл Ғалымжанқызы және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жастар қанатының» өкілі Насрулла Ахменовтер қатысты.
Кездесуге Қостанай мемлекеттік университеті мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының болашақ журналистер және филологтар студенттері қатысты.
Жиыннан студент жастар мол мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.12.2015
3053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру