ҚМДБ –ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков Маңғыстау ауданына қарасты Қызан ауылында іс-сапармен болды.
Ауыл тұрғындарымен жүздескен имам оларға «Дін - қоғамның рухани тірегі» тақырыбында уағыз айтты. Ауыл ақсақалдары имаммен әңгімелесіп, өздерінің білгісі келген сауалдарына жауап алды. Облыс имамы өз сөзінде дінге бетбұрыс жасаудың қажеттілігін, Ислам дінінің адамзат баласын екі өмірде де игілікке қол жеткізу үшін жіберілгенін айтып, қазіргі көкейтесті мәселе жергілікті жерден білімді азаматтар шығару екендігін баяндады.
Сондай-ақ, өкіл имам жастар діни сауатты, мазхаб туын берік ұстанған, ел болашағына бей жай қарамайтын тұлға болып қалыптасса, бұл - теріс ағымдарға соққы берудің де алғышарты болатындығын жеткізді .
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.12.2015
3976
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру