Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ-ның жұмыстары ОҚО-да

01.12.2015 3205 0 пікір

Еліміз бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Павлодар қалалық «Ақ мешіт» мешітінің Бас имамы, РАНТ-ның мүшесі Бердымұратов Жолдас Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

РАНТ мүшесі Ж.Бердымұратов ОҚО бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын Қазығұрт ауданынан бастап, Қазығұрт ауданының Бас имамы Е.Полатовтың әзірлеген бағдарламасы бойынша жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен аудандық орталық мешітінде аудан тұрғындары және мешіт жамағатымен бірге Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, содан соң кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚМДБ тұғырнамасы және «Ынтымақ-бірлік» тақырыптарында сөз қозғады. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы имам-молдаларымен кездесіп, I-Республикалық имамдар форумында қабылданған төрт құжатты талқылады.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру