Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйелдер ұстазы Әйгерім Ахметованың ұйымдастыруымен «Біз мұсылман баламыз» атты кішкентай бүлдіршіндерге арналған шара өтті.
Ортаға шығып асиетті Құран аяттарын айтқан балаларға мешіт ұстаздары сұрақтар қойды. Тамақтан кейін айтылатын дұға, Алла Тағаланың есімдері, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) салауат қалай айтылады, мұсылманның бес парызы, үйден шыққанда айтылатын дұға деген сұрақтарға кішкентай балалар мүдірместен жауап беріп жатты.
3 пен 8 жас аралығындағы балдырғандар өздері білетін қысқа Құран сүрелерін жарыса жатқа айтып, сыйлыққа түрлі кітаптар алды.
Мешіт ұстазы Әйгерім Ахметованың айтуынша, аталмыш шараны өткізуге ынта білдірген мешіттің сауат ашу курсынан білім алып жүрген әйелдер жамағаты екен. Олар өздері білім алып қана қоймай, кішкентай бөбектеріне де Исламды үйретуде. Алдағы уақытта да «Біз мұсылман баламыз» деп аталатын бұл шара жиі өткізіліп тұрмақ.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
4015
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру