Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Аталмыш шараға облыстағы зиялы қауым өкілдері, қала, аудан имамдары, «Шымкент» медресесі және «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздар қауымы қатысты.
Айтулы шараны облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Облыстық Бас имамы бұл шара Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тікелей бастамасы аясында өткізіліп отырғанын жеткізді.
Әуелі облыс имам орынбасары Е.Қарақұлов «Елін сүйген Елбасы» тақырыбы бойынша Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы баяндама оқыды.
Осыдан кейін, Тұңғыш Президент күні мерекесінің маңыздылығы туралы облыстық ішкі саясат және діни істер басқармасының басшысы орынбасары Аңсар Жаңабайұлы, облыстық қоғамдық келісім орталығының директоры Ербол Байқонақов, облыстық әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Нұржан Арыстанбекұлы, Қайырмдылық мекемесінің төрағасы Аманкелді Есей, дінтанушы Қ.Маджанов т.б. азаматтар сөз сөйлейді.
Мерекелік шараның өткізудегі мақсаты Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдау, жастардың бойында Елбасы түсінігінің мәнінің зор екендігін дәріптеу, сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу болып табылады.
Осы тұста айта кету керек, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дәстүрлі діндерге оның ішінде асыл дініміз Исламға деген құрмет ерекше, үлкен қолдауға ие болуда. Атап айтқанда, тікелей қолдауымен ел аумағында 9 медресе-колледжі мен Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінің ашылуна үлкен қолдау көрсетті. Мұнымен қатар, әрбір ауыл-аймақтардағы 2400-ден астам бой көтерген мешіттер орны ерекше.
Жалпы, Елбасымыз үлкен мінберлерде Ислам дінін түрлі изидерден ада екен алға тартып келеді.
Шара соңында бірқатар азаматтар ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің арнайы алғыс хатымен марапатталды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
6913
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру