Астана қаласының ажарын арттырған «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы, кафедра меңгерушісі Шәмшат Әділбаева әйелдер жамағатымен кездесу өткізді. Кездесуге Астана қаласында тұратын ақжаулықты апаларымыздан бастап, университет студенттері келіп қатысты. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері Эльмира Бұхарбаева, Ақбөпе Тілегенова, Жанат Алдияровалар ұстаздық ететін діни сауат курсының шәкірт қыздары қатысты.
Ұстаздардың ұйымдастыруымен жүзеге асқан кездесу көпшіліктің ойынан шығып, мешітке жиналған жамағат риза болып тарқасты. Бірнеше діни кітаптардың авторы Шәмшат Әділбаеваның шешендігі мен терең білімі тоғыса келіп, кездесу көрігін қыздыра түсті. Сөз басын мұсылман әйелдің келбеті тақырыбында бастаған ұстаз уағызы жәннаттық болатын төрт әйел турасында жалғасты. Осы төңіректегі оқиғаларды тарқата келіп, «Исламдағы отбасы» тақырыбына ойысқан ұстаз уағызы тым әсерлі шықты.
Кездесу соңы «Әзірет Сұлтан» мешітінің әжелерінің университет ұстазына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірумен аяқталды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
4757
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру